Астанада
құрылатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Қазақстанның имиджіне
жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев осылай деп
мәлімдеді.
Бүгінде ұйымның жарғысына
Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше 23 мемлекет қол қойған. Вице-министрдің айтуынша, біздегі ұйым БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл-шаруашылық ведомствосының аналогы болмақ. Ол азық-түлік қауіпсіздігі мен биотеxнологияны
тиімді дамытуды жүзеге асырады. Ислам ұйымына мүше елдермен тәжірибе алмасу,
ортақ ауыл шаруашылығы принциптерін үйлестіру де жоспарда бар.
Ермек
Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Ислам
мемлекеттерінің ұйымында бөлек ерекше институт бар. Ол тек қана халал индустрия
сұрақтарымен шұғылданады. Өзіміздің ұйымымызда, ойлап отырмыз, келешекте сол
институтпен ынтымақтастық құрамыз деп.
Айта
өтейік, осы айдың 28-і күні Астана
қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам
ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің конференциясы өтеді. Оның шеңберінде азық-түлік
қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас ассамблеясының құрылтайшы сессиясы
өткізілмек.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА