Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқару үшін, бақылау кеңесі құрылады

AstanaTV
07.10.2016ж. 20:00
1955
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқару үшін, бақылау кеңесі құрылады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын басқару үшін, бақылау кеңесі құрылады. Оған ұлттық экономика, қаржы және денсаулық сақтау министрлігі өкілдері енуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі айтты. Тамара Дүйсенова Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша заң жобасын таныстырған.

Бір қызығы - заң жобасын депутаттар өткен шақырылымда қабылдаған. Ал бүгін сақтандыру төлемдері алынатын мерзімнің кейінге шегерілуін қайта қарап, талқылады. Оған сай мемлекеттік қорға жарна төлеу 2017 жылы шілдеде емес, 2018 жылы қаңтарда басталатын болды. Ал жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, нотариустар мен сот орындаушылары, адвокаттар, жеке тұлғалар қорға аударымдар мен төлемдерді келесі жылдың 1 қаңтарынан емес, 1 шілдесінен бастап төлейді. Яғни олардан жарна алу мерзімі де жарты жылға кейін шегерілді. Әлеуметтік аз қамтылған топтар үшін қорға жарнаны мемлекет төлейді. Ол топта 300 мыңға жуық адам бар. Оған жұмыссыз азаматтар да енген.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Өзін өзі қамтамасыз ететін азамат болса, егер оның кіші бизнесі болса, ол әлі тіркеуден өтпеген болса, салық инспекциясынан тіркеуден өтіп, өзінің көрсеткен табысының есебінен жаңа системаға жарна аударып отыруы керек. Ал егер оның табысы ең төменгі жалақыдан төмен болатын болса, онда ең төменгі жалақы есебінен беріліп отырады. Ал егер одан жоғары болса, өзінің тапқан табысынан.

Сонымен қатар мектеп медицинасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қайтарылады. 2018 жылдан бастап балалардың профилактикалық тексерісі жаңадан құрылатын қордан қаржыландырылады.