Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ҰБТ тапсырмаған мектеп түлектерінің кәсіби білім алып, жұмысқа орналасуына мүмкіндік

AstanaTV
07.10.2016ж. 20:00
2799
ҰБТ тапсырмаған мектеп түлектерінің кәсіби білім алып, жұмысқа орналасуына мүмкіндік

Биыл еліміздегі ЖОО оқуға түсе алмаған он мыңдай түлек кәсіби білім алып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктері үш жақты меморандумға қол қойды. Оған сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған немесе сынақтан өте алмаған жастар жұмыспен қамту орталықтары арқылы кәсіби білім алады. Сонан соң бірден жұмысқа орналасуға да мүмкіндіктері болмақ. Келісімде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы да жұмысқа орналастыру қарастырылған.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасының тапсырмасын орындау бізге үлкен үш мәселені шешуге мүмкіндік береді. Ең алдымен, біз мектеп бітірген жастарды жаңа жұмыс орнымен қамтимыз. Екіншіден, Елбасының «Нұрлы жол», жаңа индустрияландыру саясатымен ашылған кәсіпорындарды жұмысшылармен қамтамасыз етеміз. Үшіншіден, жұмыссыз жастардың теріс жолға түсуінің алдын аламыз. Алдағы уақытта Елбасы тапсырмалары «Нұр Отан» партиясының барлық филиалдарының қатаң бақылауында болады.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен  өңірлерде сараптау жұмыстары жүргізілді. Оның нәтижесіне сай ҰБТ-да қажетті балл жинай алмаған 14 мың түлектің 2,5 мыңы қайта тестілеуден кейін ЖОО-на түскені анықталған. 5 мыңға жуық жас техникалық-кәсіптік оқу орындарына түсті. 300-ден астамы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан. Тағы 9 мыңдай түлек өздігімен жұмыс тауып,  шетелдерге оқуға аттанып, немесе, әскер қатарын толықтырып отыр. Меморандум негізінде, мектептен кейін бірден еңбек жолын бастап кетемін деген жастарды жер-жерлердегі кәсіпорындар жұмысқа қабылдауға дайын. 

Бибігүл Бектемісова, «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ төрағасының орынбасары:

Маусым бітіп жатқанның өзінде де біз 17-20-ға дейін адам ала аламыз. Тек қана істеймін деген, өзінің жүрегімен келген жастар болса, жұмыс табылады. Қолайлы жағдайларын да жасаймыз.