Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан бидай сатып алуды азайтады

AstanaTV
07.11.2016ж. 20:00
2258
Қазақстан бидай сатып алуды азайтады

Қазақстан бидай сатып алуды азайтпақ. Есесіне, арпа мен майлы дақылдарды көптеп өсіруді жоспарлап отыр. Бұл 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында жоспарланған шара. Ауыл шарушылығы бірінші вице министрі Қайрат Айтуғанов осылай деді.

"Бүгінде бізде 2,9 млн тонна бидай артығымен қалып отырады. Енді соның орнына майлы дақылдарды көптеп өсіру көзделіп отыр. Себебі елімізде осы санаттағы өнімдердің тапшылығы қатты байқалады», - деді вице-министр. Оның айтуынша, қазір арпа, қант қызылшасы және тағы басқа дәнді-дақылдардың көбі сырттан жеткізіледі. Ал жаңа бағдарлама аясында аталған өнімдерді өзімізде өндіріп, ішкі нарықты барынша толтыру жоспарланған. Бұдан бөлек жаңа бағдарламада ет пен сүт өндірісін дамыту жұмысы назарда болмақ.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:

Импорт 3 млрд 400 млн доллар болса, экспортымыз 2 млрд 100 млн доллар. Сол себепті импорттан бұрын біз өнімдерді өзімізде шығаруымыз қажет. 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіпті дамыту бағдарламасында мемлекет мал шаруашылығы саласының тиімділігін 58 пайызға, ал егін шаруашылығын 40 пайызға дейін арттырмақшы.