Негізгі / Жобалар / Қасиетті мекен
Деректі фильм

Қасиетті мекен

Жобада Қазақстанның мәдени мұрасы, тарихи орындары, қасиетті құндылықтары жайында баяндалады. Ұлы Даланың киелі жерлерін қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол — ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» — деді Елбасы.

  • Соңғы шығарылым
  • Қасиетті мекен (12.01.18)