Ауа райы -
Ұлы ханша
Корей телехикаясы

Ұлы ханша

Чихнын ханның билігі тұсында сарайда егіздер дүниеге келеді. Ал елде егіз балалардың туылуы жаман ырым делінеді, сондықтан қос бауырды бір-бірінен ажыратады. Бірі шалқып сарайда өмір сүрсе, бірі жоқшылық пен таршылық көріп, патшалықтан жырақта жүреді. Бірақ күндердің күнінде егіздер бір-бірімен жолығып, Док Ман (Сон Док) ер адам кейпінде сарайға оралады. Құпия ашылған соң билікке ұмтылған Док Манның (Сон Док) жолында дұшпандар көбейе бастайды. Когурё, Пэкче және Силла елдерінің басын біріктіргісі келген ұлы ханша Сон Доктың арманы орындалар ма екен?