Ауа райы -
Қызым
Түрік телехикаясы

Қызым

Ойкю - сыныптастарының жанында ерекше қабілетпен көзге түсетін, үнемі қатарластарынан көш ілгері жүретін қыз. Ата-анасының махаббатын көріп өсіп келе жатқан оның арманы да асқақ. 

Бірақ бақытты отбасының ойрандалуы бір сәтте екен. Опасыздық жасаған әкесі үйден кетеді, тіпті кейін түрмеге түседі. Анасы да қызының жанында болмайды. Ойкю жападан жалғыз қалады. 

Көп ұзамай түрмедегі әкесіне жақсы бір ұсыныс келіп түседі, ол - қызы Ойкюді өз қарамағына алу. Бұл үшін берілетін сый - бостандық.

Әкесі бұл ұсынысты қабыл ала ма? Ойкюге бас-көз бола ала ма? Оқиға әрі қарай қалай жалғасады? "Қызым" телехикаясынан бірге көрейік!