Ауа райы -
×
Негізгі / Телехикаялар / Тағдырым жазылған күн
Тағдырым жазылған күн
Түрік телехикаясы

Тағдырым жазылған күн

Антакьеде бұрыннан бері өте бай, бақуатты Йорюкхан әулеті тұрады. Анар өсіруді кәсіпке айналдырып отырған бұл әулеттің де сыры көп.

Әулеттің үлкен ұлы үйленген, отбасылы, бірақ жұбайы екеуі сәби сүйе алмай жүргендеріне біраз уақыт болады. Ұлдың анасы Қимет ханым да немере көргісі келеді, алайда болар емес.

Жағдайды көріп, түсініп тұрған енесі Дефнеге суррогатты ана тауып беруді ұйғарады. Бұл ұсынысты анасы абақтыға қамалып, өзі сіңілісімен кедейдің күйін кешіп жүрген Элиф есімді қыз қабылдайды.

Барлығы жоспар бойынша жүзеге асады: Элиф суррогатты ана болады, Йорюкхандарға мұрагер туып береді, сосын өз өмірін сүре береді. Десе де бір кедергі бар… Ол не болды екен?