Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Қазақы карантин
Отандық телехикая

Қазақы карантин

Мұны сіз де, біз де, ешкім де күткен жоқ! Тіпті телехикая кейіпкерлері де...

КАРАНТИН!

Әлемді пандемия жаулап, елде карантиндік шаралар жүргізіліп, блок-бекеттер қойылған сәт...

Қолында тұратын ұлы мен келінін, немерелерін ертіп қаладағы баласын туған күнімен құттықтап келген Кеңес ата мұнда ұзаққа қалып қоятынын білген жоқ. Біраз күн жатып, қаланың у-шуынан шаршаған ауылдықтар өз үйлеріне енді қайтамыз дегенде локдаун басталып кетеді. Осы кезден бастап үйдегілер қалалықтар және ауылдықтар болып екіге бөлінеді. Қалалық келін ауылдықтарды жақтырмайды, ауылдықтар қалалықтарға үйрене алмайды. Мұндай қысымға шыдай алмаған ауылдықтар блок-бекеттен өткізіп жібере алатын адам іздей бастайды. Енді тауып, үйімізге жетеміз дей бергенде полиция бөлімшесінен бірақ шығады. Ары қарай не болар екен? Отандық "Қазақы карантин" телехикаясынан көріңіздер!

Өткен шығарылымдар