Ауа райы -
Негізгі / Телехикаялар / Шыңғысхан
Шыңғысхан
Тарихи телехикая

Шыңғысхан

Осыдан 800 жыл бұрын Моңғол даласын көптеген тайпалар мекендеген, олардың ішіндегі ең көбі керейіттер, меркіттер, татарлар, наймандар, моңғолдар болатын. Бұл бес үлкен тайпа бір-біріне бағынбаған, тәуелсіз болған. Цзинь әулеті оларға қатысты «бөліп ал да билей бер» саясатын жүргізді, тонау жорықтарын жүргізіп, осы тайпалардың халқын азайтты. Бұл жаулық Моңғол даласының аумағында да, одан тыс жерлерде де ұзақ соғыстарға әкеліп соқты, бұл соғыстарда көптеген моңғол тайпалары мен олардың хандары қанын төкті, жанын қиды.