Ауа райы -
Негізгі / Телехикаялар / Қорғансыз ханшайым
Қорғансыз ханшайым
Корей телехикаясы

Қорғансыз ханшайым

Чон Мён ханшайым билік басындағылардың тақ үшін таласында бір өлімнен аман қалып, сарайдан қашып шығады. Ол өзінің кім екенін жасырып қалу үшін ұл бала болып өмір сүре бастайды, сондықтан да Чосон халқы ханшайымды өлдіге санайды. Ханшайым өлімнен қашып құтылғанмен, Жапон жеріне құлдыққа түседі. Бір күні күкірт шахталары орналасқан мекенге Хон Джу Вон атты қару-жарақ бөлімінің жас қызметкері келеді. Ханшайым оны бірден таниды. Себебі кішкентай кезінде бала Джу Вон ханшайымды қорғауға уәде берген еді. Джу Вон ханшайымды танып, оның сарайға оралуына көмектесе ме? Тағдыр оларға қандай сынақтар дайындады? Сарайдың иелерін қандай қастықтар мен құйтырқы әрекеттер күтіп тұр?