Ауа райы -
Негізгі / Телехикаялар / Өткінші жаңбыр
Өткінші жаңбыр
Отандық телехикая

Өткінші жаңбыр

Басты кейіпкер - Жанар, 35 жаста. Үйдің шаруасынан құтылып, табысты бизнесвумен болғысы келеді. Жолдасы екеуінің арасындағы қарым-қатынас жыл өткен сайын бұрынғыдай болмайды. Мұның бәріне себеп таусылмайтын үйдің тірлігі, тұрмыс қамы деп ойлайды. Бала күтуші Ажар болса бақытты, көпбалалы отбасын армандайды. Ол ажырасқан. Анасымен, ұлымен ауылда тұрады. Тәттілер пісіреді, тортқа тапсырыс қабылдайды. Сыныптас құрбысының шақыруымен қалаға келіп, Алматыда қаламын деп шешім қабылдайды. Ажар үлкен қалада өз орнын тауып, арманына қол жеткізгісі келеді. Бірақ, еш тәжірибесіз, дипломсыз,жақын ешкімі жоқ болған соң оған тұрақтап қалу қиынға соғады. Ажар мен Жанар дос ретінде жақындай түседі. Екеуі бірігіп жеке кондитерлік дүкен/пиццерия ашуды шешеді. Жанар өзін менеджер ретінде жақсы көрсетеді. Ажар бас аспазшы болады. Бұл уақыт ішінде кейіпкерлер жеке тұлға ретінде өзгереді және өседі. Жанар отбасын сақтап қалды, өз кәсібін тапты және барлығы жақындарының қолдауының арқасында болды. Ал Ажар үлкен қаладан өз орнын тауып, Жанардың інісімен жақындасады. Тағдыр Жанар мен Ажарға тағы қандай сынақтар дайындады?