Ауа райы -
Негізгі / Телехикаялар / Қызғалдақ
Қызғалдақ
Түрік телехикаясы

Қызғалдақ

Мелодраманың басты кейіпкерлері - ауқатты отбасының мүшелері. Бірақ көктем де, қызғалдақтың сиқырлы сұлулығы да Ташқыран әулетінің шаңырағына қуаныш сыйламайды, өйткені отағасы кенеттен өзіне қол жұмсайды. Ол қайтыс болғаннан бері отбасы үнемі қиыншылықтарға тап болады. Отағасы тірі кезінде отбасының ешқайсысы бизнес мәселелеріне араласпаған, бәрі әрқашан молшылықта, табыста күн көреді деп ойлады. Қиыншылықта жалғыз қалған жесір әйел Зұмрұт Ташқыран мен оның балалары қалай аман қалуды, банкроттықтың алдын алуды ойлай бастайды. Марқұмның барлық пайдалы байланыстары жойылды, достары мен серіктестерінің көпшілігі сенімсіз болып шықты. Осы жағдайлардың барлығы неге әкеп соғады: отбасының ыдырауына ма, әлде, керісінше, оның ауызбіршілігіне ме?