Ауа райы -
DiNaZaur
Отандық телехикая

DiNaZaur

Бұл Динара, Назым және Зауре есімді үш құрбы жайындағы ситком. Олардың оқиғасы бала кезден басталады. Ауладағы балалар оларды «DiNaZaur» деп мазақтайды. Үш құрбы мұны тоқтатуға шешім қабылдап, бұзақыларды жазалайды. Содан кейін бір-бірін ренжітпеуге серт береді. Уақыт өте келе қыздардың достығы нығая түседі.

Динара – тұрмыстағы келіншек, үш баласы бар. Күнделікті күйбең тіршілік пен үй шаруасынан өзіне көңіл бөлетін уақыты жоқ. Назым – ұлы бар жалғыс басты ана. Ерлер қауымына көңілі қалған. Ресторатор қызметін атқарады. Зәуренің - арманы бар, ол – «ақ боз атты ханзаданы» кездестіргісі келеді. Жолында түрлі жігіттер жолығады, бірақ ешқайсысы көңілінен шықпайды. Динара күйеуі туралы барлық шындықты біле ме? Назым күйеуіне оралып, толыққанды отбасын қайта құра ала ма? Зәуре өзіне лайықты адамды таба ала ма? Әйелдер достығы қаншалықты мықты? «DiNaZaur» телехикаясы нақты өмірге негізделген қарым-қатынас, отбасылық құндылық, тәрбие және шынайы әйелдер достығы туралы әңгімелейді.