Ауа райы -
Негізгі / Телехикаялар / Күң мен ханзада
Күң мен ханзада
Корей телехикаясы

Күң мен ханзада

Тарихи телехикаяның оқиғасы 18 ғасырда Корей түбегінде орын алады. Тақ мұрагері мен сарай қызметшісінің сезімінен құралған, шынайы оқиғаларға негізделген телехикая. Ли Сан - тақ мұрагері, болашақ жас император. Бар күшін салып, өзінің лауазымына лайықты екенін дәлелдеуге тырысады. Сон Док Им - сарайдағы 700 қызметшінің бірі, жеңі ақшыл қызыл түске боялған сарай бикеші. Ол ешқашан сарайды тастап кете алмайды және өмір бойы императорлық отбасына қызмет етеді, бірақ бұл лауазымның өзінде оның басты тілегі - өз таңдауын жасай алу.