Ауа райы -
Ана
Отандық телехикая

Ана

Шынайы оқиғаға негізделген «Ана» телехикаясының басты кейіпкері - Дастан есімді жігіт. 

Қатал тағдыр оны бала күнінен бастап сынады. Туыла сала ешкімге керегі болған жоқ. Әкесі маскүнем, анасына күн бермей ұрып соғатын. Күндердің күнінде әкесі ішімдікке сылқия тойып алып, әйелін, тіпті өз туған ұлын өлтіруге дейін барады. Амалы қалмаған ана күйеуін пышақпен жарақаттайды. Осы оқиғадан соң Дастанның анасы түрмеге түседі, ал өзі балалар үйіне жіберіледі. 

Арада бірнеше жыл өтеді. Дастан - білікті хирург, өз отбасын құрған, бірақ өткенінен мүлдем хабары жоқ. Анасын тапқысы келеді, ал білетіні - ауылдың аты ғана. Қалай ойлайсыздар, кейіпкер анасымен қауыша ма?