№309
Түрік телехикаясы

№309


"№309" телехикаясының сюжеті кездейсоқ кездесуден кейін ес-түссіз ғашық болған екі жастың махаббатына құрылады. Онур мұраға ие болып, компанияның тізгінін ұстау үшін үйленіп, балалы болуға тиіс. Сондықтан анасы айтқан қызбен танысуға барады. Лала да анасының өтінішін жерге тастамай, бейтаныс жігітпен кездесуге келіседі. Бірақ кеш олар ойлағаннан әлдеқайда қызық өтті. Күтпеген жайттар орын алып, екеуі қонақүйдегі №309 бөлмеден бір-ақ шықты!