Арна келбеті
Оксана Петерс

Оксана Петерс

Оңтүстік-Қазақстан облысында туып өсті. Шымкенттің маңындағы Шолаққорған ауылында Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ мектебінде оқыды.

Жұмыста, ең алдымен, іске жауапкершілікпен қарап, әділдікті бағалайды. Ал адамдардың - адал, басқаларға ниеті ақ болғанын және еңбекқор болғандарын бағалайды.

Машинада музыканың дыбысын қатты қойып тыңдағанды, және сол сияқты басқа да жағымды нәрселерді ұнатады. Өтірікті жек көреді. Сүйікті мерекесі - Жаңа жыл. Бос уақытында даналардың ғибратты сөздерін оқиды.

Адам өзі үшін жақсы өмір сүруді үйренгеннен кейін ғана бақытты бола алатынына сенеді. Жақсылық жасап, басқаларға көмектесіп, өмірді, қолыңдағы барыңды бағалау керек деп есептейді.