Арна келбеті
Бақыт Шойымбек

Бақыт Шойымбек

Халықаралық-журналист, Тележүргізуші, Халықаралық PR және Ғаламдық Коммуникацияны Басқару ісінің Магистрі (Ұлыбритания)

Бастауыш сыныптарда фантастикалық әңгімелерді жазуда алдыма жан салмайтынмын. Он екі беттік дәптерді санаулы минуттардың ішінде толтырып, оны сыныптастарымның алдында оқуға асығатынмын. Осылайша жазып-сызуға деген қызығушылық журналистика әлеміне жетелеп келді деп ойлаймын.  

1998 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне "Химия және биология" мамандығы бойынша құжаттарымды тапсыруға келіп, "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша мемлекеттік грантқа ие болғанымда, бұл салаға тағдырдың жазуымен келгенімді түсіндім. Яғни, Журналистика менің тағдыр қосқан мамандығым.  

Теория мен тәжірибені ұштастыру - журналистиканың басты принципі. Осы принципті берік ұстанған Бақыт Шойымбектің еңбек жолы да оқуға түскен жылы, Хабар арнасының Астанадағы филиалынан бастау алды. Содан бергі жиырма жылда Астана, Хабар, Қазақстан Ұлттық арнасы және Жетінші республикалық каналдарда корреспондент, шеф-редактор, тележүргізуші, жоба жетекшісі ретінде қызмет атқардым.

Журналистика үздіксіз ізденіс пен білімді жетілдіріп отыруды қажет ететін саланың бірегейі. Осы мақсатпен Халықаралық "Болашақ" бағдарламасы бойынша Кардифф Университетінде (Ұлыбритания) Халықаралық PR және Ғаламдық Коммуникацияны Басқару ісі бойынша Магистратураны үздік тәмамдадым. Бүгінде БАҚ-тан бөлек Коммуникация саласының қыр-сырын меңгерудемін.

Уақытты бос өткізбеуге тырысамын. Уақыт мен үшін ақша емес, Уақыт бұл менің өмірім. Бос өмірімді жақындарыма және жеке қызығушылықтарыма арнаймын. Соңғы уақытта ойландыратын оқулықтарға тәбетім ауып жүр, ұсыныс болса қуана қабылдаймын... (жалғасы бар).