Арна келбеті
Диего Гарсия

Диего Гарсия

Бала кезінен атам мен әжемнің қолында өсіп, тәрбие алдым. Мен тарихты жақсы көретінмін және Христофор Колумб сияқты саяхаттануды армандағам. Университетті бітірген кезде, арманым  орындалды. Франция еліне аттанып, даяшы ретінде жұмыс істедім, бірақ бұл аса маңызды емес, ең бастысы - саяхат. Екі жыл ішінде француз тілін жақсы меңгеріп, мен тағы 5 елді аралап, кезең-кезеңімен жұмыс істеп, білім алдым.

Бір уақытта, мен Қазақстан туралы бір сюжетті көріп қалдым. Сол кезде мен Ресейде болдым, орыс тілін қатар үйреніп жүрдім, іштей біреу маған - "Диего сонда, Қазақстанға бар" деп айтты. Көп ойланбастан, мен заттарымды жинап, Қазақстанға аттандым. Алматыға келгеннен кейін мен тек Қазақстанның табиғатымен ғана емес, қаланың инфрақұрылымымен де таңқалдым.

Саяхатқа деген арманым алға басып, "Q-Travel" бағдарламасының кастингіне әкелді. Қазір мен осы үлкен аймақты айналып өту мүмкіндігіне өте қуаныштымын.