Арна келбеті
Майра Төлепберген

Майра Төлепберген

Туған жылы 1987.05.01. 

Жұлдызы торпақ болған соң, табиғатты, саябақты, бақшада жұмыс істегенді, гүлдерді өте жақсы көреді. Аттың да, темір тұлпардың да құлағында ойнайды. Қымыз-шұбат үшін ауылға жиі барады.

Ұстанымы: "Өмір-бумеранг".

Радионы екінші үйі деп санайды. Эфир ол үшін - энергия көзі.

Астананы жақсы көреді. Бұл қаланың тұрғыны болғанына биыл 8 жыл.

Жақсы орта ол үшін маңызды. Орта арқылы адам қалыптасады.

"Астана" телеарнасында Майра Төлепберген "Біздің ауыл" бағдарламаның жүргізушісі болып табылады.