Арна келбеті
Ерлан Сисенов

Ерлан Сисенов

Алматы қаласында 1987 жылы 16-шы наурызда дүниеге келіп, біраз уақыт Атырауда тұрды. Ал 2009 жылдан бері Астана қаласының тұрғыны. Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де инженер мамандағы бойынша білім алды. Журналистикаға деген қызығушылығы оны осы салаға әкелді. Ерлан Сисенов «MediaNet» халықаралық журналистика орталығында дәріс алды. Ол өмір сүрудің өзін ғанибет санайтын қарапайым адамдардың қатарынан. Спорттық акробатика және жеңіл атлетикамен шұғылданады. Отбасының үлкен болғанын және қарттық шағын Будапеште өткізуді армандайды.