Арна келбеті
Данияр Орал

Данияр Орал

Алматы қаласында 1986 жылы 7-ші наурызда дүниеге келді.

2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Журналистика" мамандығы бойынша білім алды. Ал 2010 жылы Қарағанды  қаласындағы «Болашақ» университетіне "Құқықтану" мамандығына түсті.

Даниярдың үлкен тәжірибесі бар. Алғашқы жұмысын "Астана" арнасында тілші, жаңалықтардың жүргізушісі болып бастады. Кейін АҚ РТРК «QAZAQSTAN»-да жаңалықтар қызметінің редакторы қызметін атқарды.

7 арнада тілші болып, жаңалықтардың жүргізушісі болып, қосымша ҚР Әділет Министрінің баспасөз хатшысы болды.

Кейін «Damu Media Group» ЖШС-ның  бас директоры қызметін атқарды. Соңғы лауазымының бірі - Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі.

Ал дәл қазір Астана" телеарнасында жүргізуші.