Арна келбеті
Алина Ткаличева

Алина Ткаличева

Шығарма жазғанды жақсы көремін, бірақ математиканы жек көремін. Жоғары сыныптарда мамандық таңдау кезінде осы нақты ғылымға соқтықпай өткім келетін. 

Өзімізге лайықты мамандықты анықтап беретін тест тапсырғанымыз есімде. Нәтижесі маған 3 мамандықты лайық деп тапқан: филология, психология, журналистика. Менің таңдауым үшіншісіне түсті. Осылайша журналистика факультетінен бірақ шықтым. Семейде білім алдым, бірақ елордамызда «Астана» арнасында тәжірибеден өттім. Оқуды тәмамдап өзіме жақын болып қалған арнада жұмыс істегім келді. Басшылық та қолдады. 

Бұл жерде өте қарапайым, талантты адамдар жұмыс істейді. Әр әріптесімнен бір үйренерім бар. Шыны керек, мұндай «мектеп» ЖОО-дан гөрі көп білім береді. 

Осылайша, ақпан айында жүргізушілер кастингіне қатысуды жөн көрдім. Қолымнан келді және ақыры тегімді дұрыс айтатындарына қуаныштымын!