Ауа райы -
Арна келбеті
Надежда Палинка

Надежда Палинка

1985 жылы 19 қаңтарда Ақмола облысының Приречное ауылында дүниеге келдім. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде өте белсенді болдым, түрлі концерттерді жүргіздім. Өлең шығарып, мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпазы да атандым. Әрдайым әдебиетке, ана тіліме деген құштарлық болатын. Осылайша газет бетіне де шықтым, сол сәттен бастап бойымда лидерлік қасиет қалыптаса бастады.

2002 жылы журналистика факультетіне түсемін деп шешім қабылдадым. Сол кезде маған сенгендер аз болды. Себебі, кішкентай ауылдан шыққан қарапайым қыздың мұндай оқуға түсетіні таңғаларлық жағдай еді. Бірақ бар күшімді салып, еңбектеніп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қабылдандым. Оқуды аяқтаған соң «Эра ТВ» арнасында тәжірибеден өттім. Қиындықтар болды, бірақ менің мақсатым олардан да биік тұрды.

Бірнеше айдан соң «Қайырлы таң» («Доброе утро») бағдарламасының тілшісі атандым. Сол кезде өзімді ең бақытты жан сезіндім, алайда қызықтың бәрі әлі алда еді.

Арада бірнеше жыл өткенде осы арнаға қайта келдім. Ол кезде «Эра ТВ» арнасы қалалық емес, республикалық телеарнаға айналған еді. Сөйтіп осында бірнеше жыл тілші болып қызмет атқардым.

2015 жылдан бастап жаңа кезең басталды. «Астана» арнасына жұмысқа орналастым.

Президенттік пул журналистерінің қатарында болдым. Кейін жаңалықтардың шығарушы редакторы қызметін иелендім. Жүргізушілік қабілетімді де сынап көрдім.⠀

Мамандығымды жақсы көремін. Жауапкершілікті сезінемін, нақтылық пен тиянақтылыққа ұмтыламын.

Тұрмыстамын. Екі балам бар.

Адамның бойындағы ең басты қасиеттер адалдық, еңбекқорлық және мейірімділік деп санаймын. Ал өмірлік ұран - бірінші болу және ешқашан берілмеу.