Арна келбеті
Жайна Сламбек

Жайна Сламбек

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келді. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірді. Саясаттану және философия институтының аспирантурасында оқыды.

Журналистер Одағының Саттар Ерубаев атындағы сыйлығының лауреаты.

«Альфа Дог», «Кең жұмылған көздермен», «Форрест Гамп», «Қайырлы түн және сәттіліктер!», «Иводзимеден хаттар» - жақсы көретін фильмдерінің бір парасы.

«Күміс ғасыр» кезеңі ақын-жазушыларының шығармаларын ұнатады.

Классикалық романдардан бөлек, классиктердің «Ақбілек», «Қорғансыздың күні», «Көксерек», «Ақ кеме», «Қош бол, Гүлсары!» «Көркемтай» шығармаларын, Бердібек Соқпақбаев, Сайын Мұратбеков, Тынымбай Нұрмағанбетовтің әңгіме-повестерін ерекше атайды.   

Девизі: Армандар аласармауы тиіс!