Ауа райы -
Арна келбеті
Анар Сүйінбаева

Анар Сүйінбаева

Шығыс Қазақстан облысы Чекоман ауылында дүниеге келдім. Журналист боламын деп ойлаған емеспін. Мамандығым да педагогикалық бағытта болды. Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы университетті шетелдік филология мамандығы бойынша тәмамдадым. Біраз жыл неміс және ағылшын тілдерінің мұғалімі болып қызмет атқардым. Бірақ бұл сала өзімдікі емес екенін тез аңғардым.

Журналистикаға кездейсоқ келдім. Алғашында «Қазақстан-Семей арнасында жаңалықтар жүргізушісі болдым. Ал 2012 жылдан бастап «ASTANA TV» арнасында жұмыс істеймін. Тілдерді де бекер оқымаппын, пайдасы тиді.

Кейбір кемшіліктері болса да, жұмысымды жақсы көремін.Адамдардың бойындағы әділдік, туралық пен кәсібилікті аса қатты бағалаймын. Саяхаттағанды және балаларыммен уақыт өткізгенді жақсы көремін.