Ауа райы -
Арна келбеті
Луна Бекбосын

Луна Бекбосын

Луна Бекбосын 1987 жылы 18 тамызда Орал қаласында дүниеге келген. Фортепиано, хореография және актерлік шеберлік мамандықтары бойынша Д. Нұрпейісова атындағы музыкалық мектепті бітірген. Алматыдағы энергетика және байланыс университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне де оқуға түскен. Бос уақытында түрлі масштабтағы жиындар мен концерттерді ұйымдастырған әрі жүргізген. 

Бала күнгі арманы – телеарнада жаңалық жүргізу және радиода жұмыс істеу. 10 жылдан аса еңбегі бүгінде өз нәтижесін берді.