Ауа райы -
Арна келбеті
Армангүл Тоқтамұрат

Армангүл Тоқтамұрат

Ақмола облысы, Шортанды ауданы №3 қазақ орта мектебін 2001 жылы аяқтады. 2002 жылы елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-не түсіп, 2006 жылы «Социология» мамандығы бойынша тәмамдады. Ал, 2020 жылы аталған білім ордасында әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алды. 

 Жұмыс тәжірибесі 2006 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімшілігі, Ішкі саясат департаментінен басталды. Мамандығы бойынша әлеуметтанушы болып басталған еңбек жолы кейіннен журналистика саласына бұрылды. 3 жылдан соң қалалық «ЭраТелекомпаниясы» ЖШС ауысып, мұнда «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі әрі тілшісі болды. Содан соң, бірқатар жылдары «Астана ТВ», «Хабар 24кз», «7-арна» сынды елімізге белгілі арналарда жүргізуші әрі тілші қызметтерін атқарды. Апталық-сараптамалық бағдарламалардың авторы әрі жүргшізушісі болды. Ал, 2015 жылдан бастап «Qazaqstan» Ұлттық Телеарнасының жаңалықтар бөлімінің тілшісі. 4 жылдай Президент Пулында жұмыс істеді. Ал, 2019-2022 жылдар аралығында Ұлттық арнада «Aqparat» ақпараттық бағдарламасының редактор-жүргізушісі. Қазір, Астана телеарнасындағы «Sarap Times» апталық сараптамалық бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі.