Арна келбеті
Ләйлә Қазиақпарова

Ләйлә Қазиақпарова

Өмірлік ұстанымы: Алған беттен қайтпау!

1987 жылы 24 қыркүйекте Ақмола облысы, Зеренді ауданында дүниеге келді. 2005-2009 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдады.

Ол өзін адал адам санайды. Сондықтан, адамдар да мейірімді болса екен дейді. Бос уақытында ұйықтағанды жақсы көреді. Жалғыздықтан қатты қорқады.

Қонаққа баруды жөне дәмді тағамдар әзірлеуді жақсы көреді. Есесіне, далада бос жүргенді жек көреді. Жағымпаздықты да жақтырмайды.

Кейде алтын балық ұстап алсам екен дейді, және соған сенеді де. Себебі, «Адамның қолынан келмейтін іс жоқ!»

Жоспарларында есеп жоқ. Айтса, орындалмайды деп, айтпағанды жөн көреді.