Арна келбеті
Әділет Құсайынов

Әділет Құсайынов

1982 жылдың 28 шілде айында Семей қаласында дүниеге келді.

2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдады. Еңбек жолын орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастап, кейін «Қазақстан» РТРК АҚ Семей қалалық филиалының тілшісі, 2009-2011 жылдары - Астана қ. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ақпараттық-талдау бағдарламалар Дирекциясының тілшісі болды.

2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін «Хабар» Агенттігінде жаңалықтар бөлімінің тілшісі болып қызмет атқарды.

Сосын «Астана» телеарнасына ауысты. Қазір апта сайын эфирге шығатын «Репортер представляет» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. Жұмыста, алдымен, адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты қадірлейді. Бос уақытын отбасымен бірге өткізеді.