$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте жалған құжат жасап, шетелдік көліктерге қолдан құжат рәсімдегендер сотталды

AstanaTV
11.11.2019г. в 20:30
3775
Шымкентте жалған құжат жасап, шетелдік көліктерге қолдан құжат рәсімдегендер сотталды

Шымкентте жалған құжат жасап, шетелдік көліктерге қолдан құжат рәсімдегендер сотталды. Осылайша 3 жыл бұрын әшкере болған іске нүкте қойылды. Сотқа тартылған 38 адамның ішіндегі 26-сы полицей еді. Айзада Төребекқызы тарқатады. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған іс былтыр жазда басталған. 38 сотталушының 26-сы полиция қызметкері. Қалғаны  сыбайластық әрекеттерге делдалдық жасаған деп айыпталған.

Ең үлкен жаза мерзімі қылмыстық топ ұйымдастырды деп айыпталған Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полициясы емтихан-тіркеу басқармасының бұрынғы бастығы Артық Жаппароқа тағайындалды.

Әбсаттар ШАЙХИДДИНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 
Жаппаровқа мемлекеттік қызметке, құқық қорғау органдарындағы лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, түпкілікті 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Бұдан бөлек Сайрам, Бәйдібек, Мақтаарал аудандары мен Түркістан қаласының бұрынғы бөлім басшылары да 10 жылдан жаза арқалады. Өзге айыпталушыларға 6 жылдан 8 жылға дейінгі аралықта мерзім кесілді. Сотталушыларға пара алу мен пара беру, ұрланған және шетелден бөлшектеп әкелінген көліктерді заңдастыру, қызметтік жалған құжат жасау, жалған қылмыстық ұйым құру сияқты бірнеше айып тағылған.

Әбсаттар ШАЙХИДДИНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Автокөлік инспекторлары не үшін кінәлі болып отыр, сол құжаттарға вин код дейді, вин кодын сәйкестендіру арқылы, раманың ауысыуына байланысты деген негіздермен бұрын Қазақстан аумағында болған автокөліктер, біреуі Ауғанстанға сатылып кеткен автокөліктер, біреуі өртеніп, жарамсыз болып қалған көліктер міне, солардың винкодтарына сәйкестендіру арқылы Шымкентте жиналған автокөліктерге құжат берген, якобы анау өртеніп кеткен машина, міні.

2016 басталған іс 1534 томға жинақталған. Тергеу кезінде полицейлер мен делдалдарға жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 144 фактісі және елге қосалқы бөлшектер түрінде кіргізілген 300-дан аса автомобильді заңсыз тіркеу арқылы барлығы 2,7 млрд теңге сомасында зиян келтірілген деген айыптар тағылған ЕДІ. Судья БҰЛАРДЫҢ бірқатары дәлелін таппады деп, 38 сотталушының 23-ін шартты түрде соттады.
 
Сапар ӘМІРТАЕВ,  СОТТАЛУШЫЛАР АДВОКАТЫ:
 
Енді екеуі қалып отыр, Қуанышбек пен Қарынбаев. Қуанышбеков Сайрам ауданының тіркеу емтихан бөлімінің бастығы, Қарынбаев Түркістан емтихан бөлімінің инспекторы сол екеуі сотталды. Бірақ оларды да апелляциялық тәртіппен береміз. Құдай қаласа сол жақтан көреміз заңдылығын.

Айта кетейік, сотталған 26 полицей шендерінен және мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқықтарынан айрылды.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бас бостандығы шектелгендер сот залынан босап шыққанымен ешқайда аттап шыға алмайды. Олардан қолхат алынды. Ал үкімге келіспегендер апелЛяциялық шағым түсіруге бел буып отыр. 

А.Төребекқызы