$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда безбүйрек ана 4 жасар баласын үйіне қамап кетіп қалған

AstanaTV
11.11.2019г. в 20:30
1930
Павлодарда безбүйрек ана 4 жасар баласын үйіне қамап кетіп қалған

Павлодарда безбүйрек ана 4 жастағы баласын үйіне қалдырып, түн жарымда өзі қыдырып кеткен. Баланың бақырып жылаған дауысы шырт ұйқыда жатқан көршілерін оятыпты. Бірден полиция шақырған тұрғындар бүлдіршінің үйде жалғыз екенін анықтайды. Құтқарушылар есікті бұзып кіріп баланы шығарып алған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 33 жастағы анасы баласын ұйықтатып, сыртынан құлыптап кеткен. Үйіне түңгі 4-тер шамасында оралғанда баласын іздеп, көршілерінен оның полицияда екенін білген. Құқық қорғаушылар жасананың ішімдік ішкенін анықтаған. Қазіргі таңда жауапсыз анаға аналық борышын дұрыс атқармағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды. 

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:


2019 жылдың басынан бастап, полиция қызметкерлері балаларды тәрбилеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 430 ата-ананы ҚР Әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапгершілікке тартты. Және 204 ата-ана ата-ана құқығынан айырылды.


Павлодарлық ананың қаладағы жатақхана типтес үйлердің бірінде тұратыны анықталған. Көршілері безбүйрек ананы танымайтындарын айтады. Тек   сырттай ғана көріпті.

Ө. Қуанар