Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Балқашта жол талғамайтын көлік жасөспірімді қағып кетті

AstanaTV
25.04.2024ж. 17:29
216
Балқашта жол талғамайтын көлік жасөспірімді қағып кетті

Балқашта жол талғамайтын көліктің 9 жасар қызды қағып кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеода оқушының Абай көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан жерінде көлік қаққанын көруге болады.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті оқиғаның 24 сәуір күні болғанын растады. Ал рульде 72 жастағы жүргізуші болған.

Балқаш полициясының кезекші бөліміне жол талғамайтын көліктің қыз баланы қағып кеткені туралы қоңырау түсті. Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан) іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, барлық қажетті сараптама тағайындалды, - делінген мәліметте.

Куәгерлер сөзінше, жүргізуші төмен жылдамдықпен келе жатқан, сондықтан оның уақтылы тоқтауына не кедергі болғанын тергеу анықтайды.

Ал жарақат алған қыз ауруханада, оның жағдайы тұрақты.