Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжарда су құбыры жарылып, бүтін бір көше тұрғындары сусыз қалды

19.01.2024ж. 20:00
562
Қызылжарда су құбыры жарылып, бүтін бір көше тұрғындары сусыз қалды

Қызылжарда су құбыры жарылып, бүтін бір көше тұрғындары сусыз қалды. Су жүйесінің шүмегі істен шығып, су сыртқа төгілген. Салдарынан ондаған тұрғын үй тіршілік нәрінен қағылды. Ал көшеге жайылған су лезде қатып, көлік жүргізушілеріне ыңғайсыздық туғызған. 

Ербол НӘБИЕВ, “ҚЫЗЫЛЖАР СУ” ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

Апат таңғы төртте болды. Біз шүмекті ауыстырып, суды қайта жібердік. Жұрт екі сағат сусыз отырды. Бізден кейін коммуналдық кәсіпорындар көшені жинастырып, жолды қалпына келтірді.