Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

«9-20-25» бағдарламасы 1 наурызда басталады

AstanaTV
07.02.2024ж. 20:00
580
«9-20-25» бағдарламасы 1 наурызда басталады

«9-20-25» бағдарламасы 1 наурызда басталады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты. Бағдарламаға қатысушы жаңадан салынып жатқан тұрғын үйді жеке құрылыс компаниясынан сатып ала алады. Аты айтып тұрғандай, бағдарламада 20 пайыз бастапқы жарна салып, 9 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады. Жоба нарықтық қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Бюджет қаражаты пайдаланылмайды. Жылына 8 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі деген жоспар бар. 

Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл бағдарлама «Отбасы банк» пен республикалық бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру арқылы іске қосылады. Бұған дейін аталмыш мәселе пысықталған. Бағдарлама белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады.