Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қызылжардың автобустарында әртістер халық әндерін шырқады

21.03.2024ж. 15:00
291
Қызылжардың автобустарында әртістер халық әндерін шырқады

Қызылжарда автобустарда тегін концерт қойылды. Өнерпаздар қоғамдық көліктерді аралап, халық әндерін шырқады. Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин да әншілердің өнерін тамашалады. Абзал, сіз тікелей эфирдесіз..

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Иа, рахмет, Бекболат! Таң сәреден бастап жұрттың көңіл күйі шат-шадыман. Көктемгі қасиетті мерекенің жылы лебізі шаһардың түкпір-түкпірінде сезіліп жатыр. Тіпті қоғамдық көлікте де. Жергілікті “Теріскей” ансамблінің әртістері автобустарды аралап, жолаушыларға тегін концерт ұйымдастырды.

Жеңіс ҚАБДУЛБӘРИЕВ, “ТЕРІСКЕЙ” ФОЛЬКЛОРЛЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бүгін мына акцияда біз қайда барсақ та осы халық әндері қасымыздан қалмайды. Күміс құмған-ай, беуайдай деген осындай халық әндерін көрермендерге паш етіп жатырмыз. Көңілдері жақсы, жақсы қарсы алып жатыр.

Қызылжар өңірінде наурыз мерекесі аясында түрлі көрмелер, концерттік бағдарламалар, спорттық сайыстар өткізілмек. Қала мектептері мен тұрғын үй аулаларында да түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Блиц-САУАЛНАМА:

- Аспанымыз ашық, отанымыз тыныш, деніміз сау, бақытты өмір болса екен дейміз. Наурыз мейрамы құтты болсын!
- Ұлыс күні оң болсын, ақ мол болсын, Наурыз мейрамы құтты болсын!

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Ертең наурыздың 22 күні ұлттық киім киген тұрғындар қаланың барлық автобустарында тегін жүре алады. Мұндай шара Петропавлда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бекболат, әзірге осы.