Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматы облысында балағат cөз айтқан судья жұмысынан айрылды

AstanaTV
30.03.2024ж. 15:52
366
Алматы облысында балағат cөз айтқан судья жұмысынан айрылды

Талғар аудандық сотының судьясы Ералы Бекбаев қандай тәртіптік жаза үшін қызметінен босатылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Айта кетейік, ақпанда Президент жарлығымен 23 судья қызметінен босатылды. Талғар аудандық сотының судьясы Ералы Бекбаев теріс қылық жасағаны үшін босатылды.

Жоғарғы сот кеңесінде Ералы Бекбаев судьялық этикаға қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

"Судья аудандық сот аппаратының қызметкеріне балағат сөз айтып, дөрекі түрде қарым-қатынас жасады. Президенттің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 486 жарлығымен Е.Е. Бекбаев Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы қызметінен сот жюриінің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметінен босату қажеттігі туралы шешімі негізінде босатылды", - деп жазылған Сот кеңесінің  жауабында.