Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Елімізде 1 мамырдан бастап “Наурыз” бағдарламасы іске қосылады.

10.04.2024ж. 20:00
140
Елімізде 1 мамырдан бастап “Наурыз” бағдарламасы іске қосылады.

Елімізде 1 мамырдан бастап “Наурыз” бағдарламасы іске қосылады. Операторы -Отбасы банк. Салым 1 000 000 теңгеден кем болмауы керек. Әлеуметтік осал топтар үшін сыйақы мөлшерлемесі 7 пайыз болады. Олар- көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен мүгедектер. Ал қалған салымшылар үшін жылдық мөлшерлеме 9 пайыз, бастапқы жарна сомасы – 20 пайыз. Несие мерзімі - 19 жылға дейін. Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға рұқсат етілсе, басқа аймақтарда екінші нарықтағы баспанаға қол жеткізуге болады. Өтініш қабылдау екі айға созылады. Онан кейін банк қатысушылардың ұпайын санап, тізім шығарады.

Данагүл ТҰСУПОВА "ОТБАСЫ БАНКІ" АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Барлық өтініш тапсыру отбасы банк порталында жүзеге асырылады. Яғни, онлайн түрде. Өтінім қабылдау ашылған күннен бастап кез-келген Қазақстандық азамат осы бағдарламаның талаптарына сәйкес болса өтінімін тапсыра алады. Қатысушыға соңғы бес жылда үйі болмауы керек деген талап қойылады. Әрине бұл бағдарламада барлық салымшылар қатыса алады. 18 жастан 63 жасқа дейінгі барлық азаматтар.