Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ақтөбенің Қобда ауданында жаңа үйлерге жер бөлініп, қазығы қағылды

17.04.2024ж. 20:00
150
Ақтөбенің Қобда ауданында жаңа үйлерге жер бөлініп, қазығы қағылды

Ақтөбенің Қобда ауданында жаңа үйлер салынатын жер бөлініп, қазығы қағылды. Құрылыс екі айда бітуі тиіс. Баспанасы суға кеткен тұрғындар үшін 129 жаңа үй бой көтереді. Оның 102-сі аудан орталығында, жиырма жетісі- Жарық ауылында. Құрылыс жұмыстары 15 мердігер мекемеге жүктелген. Қазір зауыттармен келісім жасалып кірпіш, блок тастар жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Ержан МҰЗДЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мердігер мекемелерге өз қаражаттары есебінен жұмысты шұғыл арада бастап кету үшін бес, бес учаскеден бөліп бердік. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталатын болады және екі ай ішінде максималды түрде қарқынды жұмыстарды атқарып аяқтайтын боламыз.