Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы осы аптаның соңына дейін төленеді

17.04.2024ж. 20:00
248
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы осы аптаның соңына дейін төленеді

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы осы апта соңына дейін төленеді. Премьер-Министр Олжас Бектенов осылай деді. Зардап шеккен 3 561 отбасыға жоғалған мүлкі үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы берілуде. Ол шамамен- 1 млрд теңге. Ал, баспанасынан айырылған тұрғындардың таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады. Кеңесте су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлердің әкімдері келтірілген залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ағымдағы нәтижелері туралы баяндады. Павлодарда демеушілермен бірге 119 үйдің шығыны өтеліп, тұруға жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды. Қостанайда 27 пәтер сатып алынды, 1 600 отбасына әлеуметтік көмек төленді. Арқалық қаласында отбасылар ертең жаңа үйге қоныстанады. Ақтөбеде 44 отбасына 94,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтелді, 57 жаңа үйдің құрылысы басталды.