Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Су кет: Марат Омаровтың жаңа әні желіні жарды

AstanaTV
18.04.2024ж. 11:56
303
Су кет: Марат Омаровтың жаңа әні желіні жарды

Қазақстандық танымал әнші әрі композитор Марат Омаров су тасқынынан зардап шеккен отандастарына ән жазып шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі әншінің инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

Әнші қазіргі таңда Америка құрама штаттарында жүр. Өнер иесі елдегі жағдайға асқан алаңдаушылық білдіріп, жаңа ән шығарған.

Алыста жүрседе,осы болып жатқан жайтты көріп,әкемнің жүрегі ауырып шыққан әні…, - деп жазды әншінің қызы Зарина Омарова.

Желі қолданушылары өнер иесінің әнін жылы қабылдаған.

- "Жақсы мағыналы жүректен шыққан жылағың келеді", "Су кет кет деп ән шығарыңыз енді", "Әнін естіп, көзге жас келді, шын жүректен шыққан", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, сазгер пандемия кезінде "Коронавирус, кет, кет, кет" деген әнін шығарған еді.