Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Кіші Талдыкөлге аққулар оралды

Кіші Талдыкөлге аққулар оралды

Елорда аумағында қанаттылардың мекені болған талдыкөлге аққулар оралды. Таяз судың қамысты жағасы балапан басуға ынғайлы дейді мамандар. Көптеген жануарлар мен өсімдіктердің табиғи ортасында 50ге жуық құстың түрі ұя салатын көрінеді. Көші- қон кезінде бұл көл құстар үшін транзиттік нүкте болып табылған. Есіл алабындағы су айдыны құс атаулының тіршілігі үшін таптырмас орын. Оладың ішінде сұңқылдақ аққу,бұйра бірқазан ,қарабас өгізшағала ,аққұйрықты субүркіт те бар.

Күләнді САҒЫМБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы көлдің маған барлық құстары ұнайды.Аққулардан бастап, үйректер, қаздар толып жатыр соларды өзіміз көреміз. Мен осы көлге бір аптада бір-екі рет келіп тұрамын.Құстардың мекен-жайы. Осы жерге келіп ұялайды, балапандары өседі.Осы жағдай бізді қуантады.

Лаура МАЛИКОВА, ТӘЖІРИБЕШІЛІК ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ ТӨРАЙЫМЫ:

Көктемде халық құстарды қарауға барады.Тереңдігі алты метрден аспайтын өзендер.Оны сулы батпақты жер деп деп атайды.Бұндай жерлер суда жүзетін құстарға, аққуларға фламинго, тағы басқа үйректерге өте ынғайлы. Себебі оның тереңдігі үлкен емес. Жұмыртқасын қоя алады қамыста керекті азығын алады.