Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада бір мезетте 5 мың студент сенбілікке шықты

Астанада бір мезетте 5 мың студент сенбілікке шықты

Астанада 5 мың студент бір уақытта сенбілікке шықты. «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция аясында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұжымы мен студенттері қаладағы үш аумақты қоқыстан тазартты. Студенттер елорданың экологиялық дамуына өз үлестерін қосты. Сондай-ақ жастар тазалық акциясы аясында Астана қаласының жоғарғы оқу орындары арасындағы экочелленджді қолдап, оны Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне жолдады.

Эльдар ӘМІРХАН, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Мемлекет басшысының үндеуіне сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық республикалық акциясы аясында Ұлы Жеңістің 79 жылдығы мерейтойы қарсаңында Жеңіс даңғылына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы игі шараға мемлекетіміздің барлық жалынды жастарын шақырамыз.

Тазалық акциясына студенттермен бірге оқу орнының 800 оқытушысы мен қызметкері қатысты. Сенбілікке шыққандар оқу ғимаратының ауласын, Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайды тазартты. Сондай-ақ Әлия Молдағұлованың ескерткішін жуды. {СНХ}

Қанат ТІРЕУОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Биылғы жылы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай біздің университетімізде 50-ден астам іс-шара жоспарланған болатын. Соның бірі осы бүгінгі таза экологиялық акциямыз. Балаларымыз тек қана көшені тазалау емес, онымен бірге ағаш та отырғызу, осы Астана қаламызды тазартуға үлестерін қосып отыр.