Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тәуелділік тудыратын заттарды спорт тауарына ауыстыруға болады

AstanaTV
19.04.2024ж. 20:00
422
Тәуелділік тудыратын заттарды спорт тауарына ауыстыруға болады

Елордада "Тәуелділікті спортқа ауыстыр" атты акция өтті. Шара барысында танымал жас спортшылар тұрғындарға спорттық тауарларды сыйлады. Игі бастамаға қала әкімшілігі мен "AMANAT" партиясының “Жастар рухы” жастар қанаты мұрындық болды. 

Танымал жас спортшылар мен еріктілер осылайша тәуелділік тудыратын заттардан бас тартып, қатарластарына үлгі болуда. Айырбасқа насыбай немесе электронды темекі сынды заттар жарайды. Есесіне тұрғындар бокс, үстел теннисі, волейбол, жекпе-жек тәрізді спорт түрлеріне қажетті құрал-жабдықтарға ие болады.

Әлихан АСУБАЕВ, СПОРТШЫ:

Көптеген азамат келісіп осы табақты заттарын бізге беріп, ауыстырып жатыр. Спортшы ретінде мен спортты әрдайым қолдап отырам. Бұл спорт денсаулық жағынан да, социалды өмір жақтан, барлық жағынан адамдарға өзінің плюстарын ғана алып келеді.

Адамдардың электронды темекіге әуестігі, әсіресе мектеп оқушыларының зиянды затты дүкеннен еш кедергісіз алуы қауіпті жағдай екенін Мемлекет басшысы да баса айтқан еді. Акцияны ұйымдастырушылар жас буынның тәуелділік пен нашақорлықтан аулақ болғанын қалаймыз дейді.

 Арыстанбек МАҒЗУМ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

25 жасқа дейінгі жасөспірімдер вейпты көптеп қоланады, иә? Біздің басты мақсатымыз өскелең ұрпаққа, жастарға бір дұрыс бағыт-бағдар беру. Осы акцияны біз негізі бір ай бұрын бастаған болатынбыз. Бізді спорт қауымы қолдаған болатын.

Айта кетейік, елімізде соңғы 4 жылда бір реттік шылымды сатып алатын 12 мен 15 жас аралығындағы жеткіншектер саны үш есеге артқан. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі. Жалпы дүниежүзінде жыл сайын 8 миллион адам шылым шегу салдарынан қаза болады. Сол үшін де мәселенің алдын алу айрықша маңызды.