Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Отандық «Міржақып. Оян қазақ» фильмі бірнеше номинацияға ие болды

AstanaTV
19.04.2024ж. 23:38
324
Отандық «Міржақып. Оян қазақ» фильмі бірнеше номинацияға ие болды

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық "Міржақып. Оян қазақ" фильмі "Сыншылар таңдауы" байқауында бірнеше номинация иеленді. Бұл туралы фильмнің продюсері Айсәуле Әбілдә мен режиссері Мұрат Есжан Instagram парақшасында жазды.

Айсәуле Әбілданың айтуынша, аталған додада 80 фильм бақ сынаған.

"Міржақып. Оян, қазақ" фильмі "Сыншылар таңдауы" байқауында 80 фильмнің арасынан 10 номинацияның 4-де, яғни "Көрермен таңдауы", "Үздік сценарий", "Үздік ер адам бейнесі", "Үздік екінші пландағы әйел бейнесінде" бақ сынап, 2-де үздік атанды. Біз үшін қымбат жеңіс – "Көрермен таңдауы" және осы фильмнің бас актері Бақыт Қажыбаев ағамыздың “Үздік ер адам бейнесін” алуы. Сериал боп басталып, фильмдермен бақ сынадық. Осы жобаның барша тілеулестерін құттықтаймын", - деп жазды жұп.