Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ұлыбританияда дүкен ұрлығы рекордтық деңгейге өсті

AstanaTV
26.04.2024ж. 08:14
368
Ұлыбританияда дүкен ұрлығы рекордтық деңгейге өсті

Англия мен Уэльсте дүкендерден ұсақ ұрлық саны рекордтық көрсеткішке жетті – күніне 1200-ге жуық қылмыс жасалған, ал полиция ашқан істердің саны ең төменгі деңгейге дейін қысқарды – тәртіп сақшылары 10 оқиғаның бірін ғана аша алды.

Ұлыбритания Ұлттық статистика қызметінің мәліметінше, өткен жылы 430 104 дүкен ұрлау оқиғасы жасалған. Бұл алдыңғы жылдағы 315 040 оқиғаға қарағанда 37 пайыз көп. Бұл – полицейлер қылмыстың осы түрін тіркей бастағаннан бергі дүкен ұрлығының ең көп саны. 

The Telegraph газетінің Ұлыбританияның ішкі істер министрлігі мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, күдіктілерге дүкен ұрлығы үшін айып тағылған істердің үлесі 2016 жылғы 27,7%-бен салыстырғанда 15%-дан 10,5%-ға дейін төмендеген.

Британдық бөлшек сауда консорциумының мәлімдеуінше, ұрлықтан болған шығын екі есе, 1,8 млрд фунт стерлингке дейін өскен, ал дүкен қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсету немесе қорлау жағдайлары күніне 870-ден 1300-ге дейін артты. 

Жеке тұлғалардан ұрлық жасау да 2004 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті, 2023 жылы 125 563 қылмыс болды, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 18%-ға көп. Алайда 170 істің бірінде ғана ұрылар жауапқа тартылады.

Өткен жылы полицейлер тіркеген тонау саны 2022 жылмен салыстырғанда 13%-ға (81 094 оқиға) өсті, бірақ бұл қылмыс түрлерін тіркеу тәжірибесі басталған 2003 жылмен салыстырғанда 26%-ға төмен болып қалып отыр.