Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Барселона" жазда ең қымбат ойыншысын бірінші сатады

AstanaTV
26.04.2024ж. 11:27
281
"Барселона" жазда ең қымбат ойыншысын бірінші сатады

Жазғы трансферлік кезеңде "Барселона" командасы ойыншыларының көбін сатылымға қоймақ. Команда бірінші болып жартылай қорғаушы Френки де Йонгпен қош айтыспақ.

Нидерланд футболшысы команда сапындағы ең қымбат және ең көп жалақы алатын ойыншылардың бірі. Ал командамен келісімшарт мерзімі 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды.

Френки де Йонг осы маусымда 30 матчқа қатысып, 2 гол соқты.

Қазіргі таңда Transfermarkt интернет порталы ойыншының трансферлік құнын 70 миллион еуроға бағалап отыр.