Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда бірінші рет паралимпиадашы жасөспірімдер мен ересектер арасында боччадан жарыс өтті

Алматыда бірінші рет паралимпиадашы жасөспірімдер мен ересектер арасында боччадан жарыс өтті

Алматыда бірінші рет паралимпиадашы жасөспірімдер мен ересектер арасында боччадан жарыс өтті. Бұл спорт түрінде тірек-қимылы зақымдалған жандардың оңалып кету мүмкіндігі жоғары. Қалалық спорт федерациясы ұйымдастырған сайыста 34 спортшы бақ сынады.

Бочча – Еуропада кең таралған ойынның бір түрі. Қазақстанға енді келіп жатыр. Ойнау ережесі біздің асық ату ойынына ұқсайды. Мұнымен айналысқан тірек-қимылы зақымдалған жанның уақыты қызықты өтіп, денсаулығы да нығая түседі дейді мамандар.

Зауре ИТЕНОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалар, коляскада отырған балалардың арасында осы спорт түрінен қазір іріктеу жарыстары өтіп жатыр. Бұл іріктеуден өткен балалар жазда Астанада болатын чемпионат республики Казахстан и Детские паралимпийские игры – 2024 соған қатысатын болады.

17 жасар Эльдар Гребневтің боччамен айналысқанына жарты жыл. Аз уақыттың ішінде жаңа достар тауып, ойынға әбден бауыр басқан. Ол бүгінгі сайысқа екі ай бойы дайындалыпты.

Эльдар ГРЕБНЕВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Бұл ойын түрі өте қызықты. Ойнаған адамның логикалық ойлау жүйесін дамытады. Ойын барысында дәлдеп көздеу арқылы мергендік қабілетті шыңдайды. Және жаңа адамдармен танысып, қоғаммен байланысымызды дамытып жатыр.

Бұл қала біріншілігінде іріктелген жасөспірімдер маусымда Астанада өтетін Паралимпиадалық балалар ойындары фестиваліне қатысады. Ал үздік деп танылған он жеті ересек қатысушы республикалық чемпонатқа жолдама алды.