Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

10.05.2024ж. 20:00
131
Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Соғыс ардагерлеріне барлық өңірде құрмет көрсетілді. "Аманат" партиясының жергілікті өкілдері өткен ғасырдың батырларына сый-сыяпат жасап, тағзым етті. Елін жаудан қорғаған жандарға құрметтің қай түрі де жарасымды.

Шымкентте жаудың бетін қайтарған ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Мерекелік шараны “Аманат” партиясының жергілікті өкілдері ұйымдастырды. Биыл Шымкентте Жеңістің 79-шы көктемін бар-жоғы екі-ақ ардагер қарсы алды.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бізде «Аманат» партиясының «Жастар рухы» арнайы өздері жоспар жасап, қар жауған кезде, сел жауын жауған кезде немесе қатты жел болған кезде арнайы барып тұрады. Және көктемде, күзде тазалық жұмыстарын, бояйтын жағын, шатырларын қарап беруге арнайы «Жастар рухы» барып жатады.

Жапан түзде жаумен алысқан Жамбыл облысының 8 ардагері де ескерусіз қалмады. Оларға жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңге сыйақы берілді. Қайсар қарияларды “Аманат” партиясының бір топ белсенді жастары құттықтады.

Әбдімомын ӨТЕГЕНОВ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРІ:

Иә, Құдайым бақ берсін, Қыдыр дарысын, пайғамбарымыз қолдасын, отбасы үй-іші бала-шағаларар, ағайын туғандарыңнан зор денсаулық кетпесін, дәулет берсін! Еш уақытта жақтарың түспей жаманшылық көрмеңдер! Қарындарың тоқ болсын, уайымдарың жоқ болсын! Ойнап күліп жүре беріңіздер барлығыңыз да! Рақмет, Әумин!

Сондай-ақ Ақтөбелік “Жастар рухы” жастар қанатының белсенділері Батырлар аллеясын тазалады. Ескерткіштердің бүлінген тұстарын қалпына келтіріп, жуып шықты. Осылайша батырларға тағзым етуді жылдан-жылға жалғамақ.

Әлішер ТЫНЫШТЫҚ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫ:

Жастарымыз жалпы жеңістің қалай ауыр келгенін біледі. Сол себепті тарихын ұмытпай әрқашан осындай жақсы істермен айналысуға дайын. Бұл бір реттік акция емес. Әрі қарай осындай акцияны міндетті түрде жалғастырамыз.

Жаужүрек жандарға құрмет көрсету кеңдік болмаса, кемдік етпейтіні анық. Әсіресе кешеден бүгінге жеткен ардагерлерді құрметтеу - өскелең ұрпақ үшін парыз!